Кешенді жұмыс барысы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2013 жылға арналған бақылау шараларының жоспарына сәйкес, 2011 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңіндегі Сәтбаев қаласы бюджетінің құрастырылуы мен атқарылуына кешенді ішкі бақылау жүргізілуде.

Бақылаумен қаржылық есептіліктің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігі, мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы, төлемдер мен міндеттемелердің қаржыландыру жоспарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалуы және оның тиімді атқарылуы, тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштерінің орындалуы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталуы, аз қаржылық шығындармен әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәрізді бағыттары бойынша төменде көрсетілген 13 мемлекеттік ұйымдардың қамтылуы жоспарланған. Атап көрсеткенде: «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының №1 бөбекжай балабақшасы «Ертегі» КМҚК, «Сәтбаев қаласының №5 бөбекжай балабақшасы «Нұрбөбек» КМҚК, «Жезқазған кентінің әкімінің аппараты» ММ, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

Бақылау тобы 2013 жылдың 20 ақпан – 20 наурыз аралығында жұмыс атқарады. Жұмыс нәтижесінің қорытындысы алғашқы кезекте «Нұр Отан» ХДП жауапты өкілінің қатысуымен қала әкімдігінде қаралуы қарастырылған, атқарылған шаралардың облыстық, қалалық баспасөздерде жариялануы жұмыс жоспарына енгізілген.

Байланыс телефоны: 8(71063) 3-37-16.

Н. Жөлеуов, бақылау тобының жетекшісі.

Комментарии закрыты.