Қоғамдық қабылдау

Өткен аптада Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты, «Жезқазған-түстімет» ӨБ-нің бас директоры Жанболат Бөрібаев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдау «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы ғимаратында өтті.

Оған «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС заңгері Қайрат Мейрамұлы, «Жезқазғантүстімет» ӨБ әкімшілігінің жетекшісі Дархан Ранов және «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев қатысты.

Облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Бөрібаев жүргізген қабылдауға 35 қала тұрғыны келіп, жеке мәселелері мен арыз-шағымдарын жеткізді. Өткізілген қоғамдық қабылдау барысында келушілердің көбін жұмысқа орналасу мен баспанаға қатысты сұрақтардың алаңдататыны белгілі болды.

Жанболат Сергейұлы оңтайландыру кезінде жұмыстан шығып қалған азаматтарға өтініш жазу арқылы өзіне келіп жолығу керектігін айтты. Ал, жаңадан жұмыс сұрап келгендерге корпорацияға қарасты кәсіпорындарда қазіргі кезде қабылдаудың жоқ екендігін, биылғы жылдың күзінде Бозшакөлден жаңа кен орны ашылғанда бос жұмыс орындары болатынын түсіндірді. Тұрғын үйлерін кеңейтіп беруді сұрап келген азаматтарға да оларды толғандыратын мәселелердің оң шешім табатынын айтты.

«Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің бас директоры Жанболат Бөрібаев қабылдауға келген азаматтардың барлық өтініштері бойынша жауапты тұлғаларға тиісті нұсқаулар беріп, өзі бақылауға алатынын айтты.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.