Аналар мен қыздар сайысы

Отбасы мен мектептің бала тәрбиесінде бірігіп қызмет етуі – біздің мемлекетіміздің білім беру жұмысының ең негізгі міндеттерінің бірі. Отбасының да, мектептің де мақсаты – терең білімі бар, еңбексүйгіш, белсенді, ұлтжанды, заман талабына сай азамат даярлап шығару.

Біздің мектебімізде ата-аналар мен білім ошағының байланысы жақсы жолға қойылған. Ата-аналар мектепте өтетін сынып сағаттарына, ертеңгілік-кештерге, кездесулерге көрермен ретінде қатысып қана қоймай, мектептің мәдени-көпшілік шараларын дайындауға атсалысып отырады.

Мектебімізде 5 «А» сынып жетекшісі Б.Есенованың ұйымдастыруымен «Қос бұрым – қыз көркі» деген тақырыпта аналар мен қыздар сайысы болып өтті.

Сайықа сынып қыздары өздерінің аналарымен бірлесе отырып, өнерлерін ортаға салды. Сайыс қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттайтын қыз бала тәрбиесіне қатысты 6 бөлімнен тұрды. Осы сайыс кезінде «Өнерлі отбасы», «Тәрбиелі отбасы», «Үлгілі отбасы» және «Жұлдызды отбасы» номинацияларымен марапатталды.

А.Мусаева, №16 мектептің әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.