Алматыға жолдама алды

Ақтау қаласында 1997-1998 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Оған Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру спорт орталығының бапкер-жаттықтырушысы К.Қашқынованың шәкірттері Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенті Ж.Омар мен №7 орта мектептің оқушысы Д.Ашимов қатысты. Олар Қарағанды облысы құрамасы атынан жарысқа түсіп, 46 кг салмақта жоғары дәрежедегі күрес көрсетті. Соның нәтижесінде қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін Евразиялық ойындарға жолдама алды. Бұл жарыстан да Қашқынованың шәкірттері жоғары жетістікпен оралады деп сенеміз.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.