Өлең жолдары – анаға

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ардақтасақ ардақтайық ананы!» мерекелік ертеңгілік өтті.

Бұл шара оқушыларды ананы құрметтеуге, үмітін ақтауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Мерекелік ертеңгілікке №1 мектептің 4 «А» және № 3 мектептің 5 «А» сынып оқушылары қатысты. Алдымен балалар ертеңгілікке арнайы дайындалған «Ана – өмірдің шуағы» тақырыпта слайд тамашалады. Одан кейін Ж.Досанғали, М.Халдаров, Д.Ерлан, А.Мейрам, У.Үсен би билеп, А.Берікқажы, А.Мешалкина аналарға арналған өлең шумақтарын оқыды.

Ертеңгілік соңында «Ана – өмір бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалардың қызығушылығын арттыратын кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

Ф.Дузбаева, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Комментарии закрыты.