«Жас қыран» есеп берді

Жақында қалалық мәслихаттың депутаты Серік Имамбай Абай атындағы №4 мектеп-лицейде болып, осы мектепте жұмыс істейтін «Жас қыран» өзін-өзі басқару ұйымының қызметімен танысты.

Аталмыш ұйымның президенті Айзада Аяшова қалалық мәслихаттың депутаты алдында І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы есеп берді. Сонымен қатар, жиынға «Жас Отан» Жастар қанаты Сәтбаев қалалық филиалы жанындағы жастар мәслихатының депутаттары да қатысты. Қатысушылар тыңдалған есеп бойынша баяндамашыға сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

Биоақпараттандыру және синергетика технологиясы негізінде 2010 жылы ашылған бұл ұйым бүгінде оң нәтижелерге жетуде. Жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған басқару ұйымы оқушы бойындағы шығармашылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға, мектеп өмірінің өзекті мәселелерін шешуге, басқару қызметінің тәжірибесін жан-жақты оқып-үйренуге және мектептегі барлық оқушылардың демократиялық принципін сақтауға ықпал етуде.

Жалпы, өзін-өзі басқару жүйесі мектептің ажырамас әрі қажетті бөлшегі болып табылады. Бұл оқушылардың ұжымды басқаруды үйренуге, құқықтық тәжірибе жинақтауға, өздігінше дамитын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.