Скрининг – профилактикалық шара

СКРИНИНГ – ауруларды немесе қауіпті факторларды ерте сатысында анықтау үшін белгілі бір жастағы сау ьұлғаларды алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден өткізу арқылы емдеу тиімділігін арттыру және асқынушылықтың алдын алу.

Скрининг көдеміне бойы, дене салмағы, бел ауқымы өлшемдерін жасау, артериалдық қысымды өлшеу, 40 пен 70 жас аралығындағы адамдардың көз іші қысымын өлшеу, 18 бен 64 жас арасындағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаны анықтау, электрокардиографиядан, кардиологтың, эндокринологтың, офтальматологтың тексерулерінен өту кіреді.

Сондай-ақ, қауіпті топтарға жататын созылмалы В және С гепатиті маркерлері бойныша балалар мен ересектерден қан анализін алу да жатады.

Обырдың (рак) пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін әйелдер мынандай тексерулерден өту керек:

30 бен 60 жас аралығындағы әйелдер үшін жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу, акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия (қажет болса), 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдердің сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу (маммография) және маммологтың, онкологтың тексеруі.

Сонымен қатар, 50 мен 70 жас арасындағы ерлер мен әйелдер жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қан бойынша нәжісті тексеруден өткізу және хирургке, проктологқа, гастроэнтерологқа көріну, жуан және тік ішектерді эндоскопиялық зерттеу (негіздемелер бойынша).

Бұл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры, сүт безі мен жатыр мойны обыры сияқты ауруларды қатты асқынуына және де осы аурулардан мезгіліне жетпей өліп кетуге жол бермеуге болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің тізбесіне енгізілген. Скрининг әркімнің тіркелген медицина мекемесінде жасалады.

Қазақстан Республикасының әр азаматы жыл сайын алдын ала медициналық тексеруден өтуі тиіс. Атап айтқанда, балалар; педиатрдың, арнайы мамандарда тексеріліп, қан мен зәр анализін тапсыру керек.

Ал, ересектер терапевте тексерілуі, көкірек органдардың флюорографиялық зерттеулері, қан, зәр анализдерін тапсыруы, арнайы мамандардың тексеруінен (негіздемелер бойынша), әйелдер міндетті түрде гинекологиялық тексеруден өтуі және сүт бездерінің маммографиясын жасатуы қажет.

Егер диспансерлік есепте тұрған болса, әрі созылмалы сырқаты болса – жуық арада өз дәрігеріне барып тексерілуі және оның кеңестерін орындауы керек.

А.Қоңырова, «Сәтбаев қаласы емханасы» КМҚК директоры.

Комментарии закрыты.