Талап пен міндет

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында отырыс өткізілді. Отырыс барысына Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының бастығы Б.Шәкенов төрағалық етті.

Отырыста «Жемқорлықпен күрес – азаматтық парыз» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа күресті күшейту жөнінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту туралы шаралар жүргізіліп отырғандығы айтылды. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы әзірленгенін, аталған бағдарлама бойынша іс-шаралар жүргізіліп отырғанын, осы іс-шаралар нәтижесінде анықталған заң бұзушылық фактілері аталды. Сонымен қатар, баяндамашы қазір пара алушылар ғана емес, пара берушілер де қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болғандықтан, мұндай қылмысқа барушылардың екі жағы да жазадан құр қалмайтынын атап айтты.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамымызға зияндылығы сонша, кейбір лауазым иелері қызмет бабын пайдаланып, басқаларға өктемдік жасау, өзгенің үлесіне қол сұғу сияқты заңсыздықтарға барып, қоғамда әділеттілікке деген сенімнің әлсіреуіне әкеліп отыр.

Баяндамашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында қабылданған заңнамада белгіленген талаптарды атап өтті. Онда мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің күшейтілгені, айыппұл санкциялары көтерілгені, жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды материалдық көтермелеу көзделгені, корпоративтік жемқорлық үшін жауапкершіліктің күшейтілгені, мемлекеттік қызметкерге оған белгілі болған жемқорлық фактілері туралы хабарлау міндеті енгізілген.

Әр мемлекеттік қызметші бұл талаптарды білуі тиіс, олардың міндеті осы індеттің алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау болып табылады. Ол жөнінде Елбасы биылғы Жолдауында да атап өтті. Отырыста басқарма қызметкерлерімен тақырыпқа байланысты пікір алмасу болды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.