Құрметті жерлестер!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жарқын да шуақты Наурыз мейрамы – Жер бетіндегі жаңару мен өрлеудің, тіршілік мен сенімнің салтанаты ретінде аталып өтілетін ежелгі мерекелердің бірі. Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін адамзатты ұлты мен дініне бөлмей біріктіре түсер ортақ қазынамызға айналған. Бұл – адамгершілік құндылықтарды бекіту, достық пен бауырластықты нығайту, бастпақы дәстүрлерді жаңғырту, табиғаттың және адамның үйлесімдігі мерекесі.

Мемлекет басшысының мақсатты және сындарлы саясатының арқасында елімізде бейбітшілік және өзара түсіністік берік орнап, біз Наурызды болашаққа деген нық сеніммен қарсы алып отырмыз. Бүгінгі таңда алдымызда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жаңа міндеттер тұр. Қазақ елінің теңдесі жоқ жетістіктерінің бірі – Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі. Осы әлемдік зияткерлік сайыста Қазақстан ғылымы мен өнертапқыштары алдында өз әуелетін ашуға үлкен жол ашылып, бұл көрме мемлекетіміздің күш-қуатының белгісі болып табылмақ.

Сәтбаев қаласының тұрғындары да барша отандастарымен бірге мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құрудың асқақ мақсатын айқындап берген стратегиялық құжаттың негізгі бағыттарын іске асыруға белсенді кірісіп кетті. Президентіміз үндеп отырғандай, біз жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз қажет.

Ұлыстың ұлы күні сіздерге ыстық ықыласпен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне арналған жасампаз еңбектеріңізге жаңа табыстар тілейміз. Көктемнің жаңару мерекесі әр шаңыраққа бақыт, молшылық және қуаныш алып келсін. Бейбіт аспан астында құт-береке келе берсін сіздерге, қымбатты сәтбаевтықтар!

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов.

Қалалық мәслихат хатшысы С.С. Имамбай.

Комментарии закрыты.