Ымырасыз күрес жүргізу қажет

Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап алғашқы күннен-ақ мықтап қолға алған қым-қуат шаруаның ең бірегейі де, бастыларының бірі де осы сыбайлас жемқорлық үрдісімен күрес еді. Президент Н.Назарбаев қазіргі кезде бұл кеселді дертті болдырмаудың амалын қарастыру, оны түп-тамырымен жою жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтуда.

Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құбылыс деп білген Президент осы бағыттағы атқарылар міндетті өзінің әр жылғы жолдауында одан әрі шегелей түсті. Демек, қоғамға, бүтіндей мемлекеттік құрылысқа қауіп төндіретін бұл жағымсыз құбылыспен күрес жүргізудің сабақтастық дәстүрі берік сақталу қажет. Өз жолдауында Елбасы лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажеттігілігін көрсетіп, жаңа тұрпатты шенеуніктер өз ұлтының отаншыл әрі ісіне адал, және кәсіпқой, білікті қызметші болуға, мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру стратегиялық міңдеттігі айтқан-ды.

Сондай-ақ, Елбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында кешенді іс-қимылға жеткізуде заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың құзыретін және олардың жұмысының нәтижелілігін арттыру жолымен қол жеткізілетіндігі атап көрсетті. Елбасының Жолдауындағы атап өтілген Қазақстан халқының алдыңғы қатардағы ел қатарына кіру-межесі – барша халықтың тұрмыстық хал-ахуалын жақсартуға, қоғамдық тәртіп пен талапты күшейтуге, құқықтық мемлекеттің құзыреттілігіне жетуге бағытталып айтылған ізгілік нышаны. Осынау биік мақсаттарға жету жолындағы кедергілердің бірі – сыбайлас жемқорлық екендігі назарға алып, жолдаудың негізінде қылмыстың осы түрімен күрес пәрменділігін арттыру қажет.

Сәтбаев қалалық сотында 2012 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 қылмыстық іс мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті 2 тұлғаға қатысты қаралса, 2011 жылы 3 қылмыстық іс бойынша 3 лауазымды тұлғаға қатысты қаралды. Олардың барлығына бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалып, мүліктері тәркіленді.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға қатысы бар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға немесе олар бойынша шаралар қабылдамауға принципті түрде қол жеткізе отырып, жоғары тәуекелді сыбайлас жемқорлық көрінісі бар салаға аса назар аударылып, жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілген.

М.Әбікенов, Сәтбаев қаласы прокурорының көмекшісі, 2 сыныпты заңгер.

Комментарии закрыты.