Бақылауды тәжірибемен ұштастырды

Мемлекеттік мекемелердің межеленген міндеттерді табысты орындауының негізгі тетіктерінің бірі – олардың қызметіне тиісті органдар тарапынан жүргізілетін бақылау болып табылады. Осындай кезекті бақылау-тексеріс үстіміздегі жылдың 1 және 11 наурызы аралығында «Жезқазған кентінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде де жасалды. Әрине, тексерістің басты мақсаты мекеменің іс-қызметі барысындағы заң бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу болып табылады. Осындай бақылаулардың арқасында мекеме мамандары, басшылары жіберілген кемшіліктерді жөндеуге, іс жүзінде білімдерін арттыруға мүмкіндік алады.
Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы №4 бақылау бөлімнің бас мамандары, бас бақылаушы-тексерушілері К.Әбдрахманова, П.Жақанова және №5 бақылау бөлімнің бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі Қ.Сұлтанова бақылау барысында тек заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, мекеме қызметкерлерімен іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қаржы саласындағы заңдық, ережелік жаңалықтарды түсіндірді. Нәтижесінде біз өзіміз еңбек етіп отырған мекеменің қаржылық қызметіне қатысты көптеген сұрақтарымызға жауап алып, бұл саладағы мағлұматымызды толықтыра түстік.
А.Садуақасов, Жезқазған кентінің әкімі.

Комментарии закрыты.