Көшбасшы жастар

Жастардың зияткерлік қабілеттерін анықтап, оларды қоғамның біріктіру үрдісіне кеңінен тарту және қазақстандық патриотизм мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарсаңында қалалық әкімдік пен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы, облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Дағыстан» ҚБ ұйытқы болуымен Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Жас көшбасшы» облыстық байқауы өтті.

Бұл байқауда қаланың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жастары 5 номинация бойынша марапатқа ілікті.

Әр номинацияға үш үміткер ұсынылған болатын. Қаланың қоғамдық, саяси, мәдени өміріне белсене араласып, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстары сарапқа салынды. «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» номинациясын №14 орта мектептің оқушысы Елизавета Дудинчук, «Еріктілер көшбасшысы» атағын технологиялық колледждің оқушысы Қанат Тортаев алды.

«Қазақ тілі – болашағым» номинациясын №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Марина Мельничук иеленді. «Жас саясаткер» атағы технологиялық колледждің студенті Таңат Садыққа берілді.

Ал, «Жылдың көшбасшысы» атағын №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Айзада Аяшова жеңіп алды.

Жеңімпазды қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева марапаттап, болашақтарына сәттілік тіледі.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.