Сәтбаев қаласының бюджетінің құрастырылуы мен тиімді атқарылуын бақылаудың қорытындысы

Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының 2013 жылғы бақылау шараларының жоспары негізінде 01.02.2011-31.01.2013 жылдар аралығына, Сәтбаев қаласы бюджетінің құрастырылуы мен тиімді атқарылуы рәсімдерінің бюджеттік заңнамаларға сәйкестігіне бақылау жүргізілді.

Осыған орай, Сәтбаев қаласының 13 мемлекеттік ұйымдарында қаржылық есептіліктің Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігі, мемлекеттік тапсырмалардың орындалуы, төлемдер мен міндеттемелердің қаржыландыру жоспарының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалуы және оның тиімді атқарылуы, тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштерінің орындалуы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталуы, аз қаржылық шығындармен әлеуметтік – экономикалық дамудың стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бағыттары бойынша жүргізілген бақылау барысында жалпы сомасы 205706,6 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде: қаржылық есептің бұзушылықтары – 947,3 мың теңге, негізсіз есептен шығару және негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды, ақша қаражаттарын заңсыз беру – 41,4 мың теңге, іс сапар шығыстарын төлеудегі жолсыздықтар – 284,4 мың теңге, бекітілген нормативтен артық жасалған шығындар – 51,3 мың теңге, еңбекақы төлеудегі жолсыздықтар – 618,8 мың теңге, салықтық емес бюджеттік түсімдер бойынша жолсыздықтар – 140,9 мың теңге, белгіленген нормативтер сақталмай алдын-ала жасалған төлемдер, қаржыландыру жоспарын немесе шығыс сметаларын жасауда дебиторлық қарыздарды есепке алмау, бюджеттік өтінімдер есебін дұрыс жасамау, жыл соңында қалдықта қалған тауар-материалдық құндылықтарды есепке алмау, жұмыс атқармаған кезеңге алдын ала еңбекақы төлемдерін жасау, бюджет бағдарламалары мен ерекшеліктерді қолданымдағы заңнамаларға сәйкес қабылдамау, уақытылы игерілмеген бюджеттік кредиттер тәрізді бұзушылықтардың жалпы сомасы 203622,5 мың теңгені құрайды. Аталған сомалардың ішінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес 9105,8 мың теңгенің бұзушылықтары қалпына келтіруді, 1333,9 мың теңгенің бұзушылықтары бюджетке қайтаруды талап етеді.

Бақылау барысында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде барлығы 2414,7 мың теңгенің бұзушылықтарының орны толтырылды, оның ішінде 1213,3 мың теңге қалпына келтірілді және 1201,4 мың теңге бюджет кірісіне аударылды.

Осымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалар талаптары толық сақталмауы салдарынан 1598576,9 мың теңгенің бұзушылықтарына жол берілгені анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер ететіні – 290368,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпейтіні – 1308208,4 мың теңге.

Сонымен, 2010-2012 жылдары мекемелердің қаржыландыру жоспарының өтінімдерін жасау барысында ҚР Қаржы министрінің 19.05.2010ж. № 233 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және өткізу туралы» Ережесі талаптары толық сақталмай, бақылаумен қамтылған барлық мекемелер мен кәсіпорындарда қаржыландыру жоспарымен шығыс сметалары 34882,5 мың теңгеге артық жоспарланған, оның ішінде айтарлықтай заң бұзушылық жіберген мекемелер: «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ жалпы сомасы 2413,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жалпы сомасы 1723,5 мың теңге, «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жалпы сомасы 10703,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының №1 бөбекжай балабақшасы «Ертегі» КМҚК жалпы сомасы 603,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының № 5 бөбекжай балабақшасы «Нұрбөбек» КМҚК жалпы сомасы 520,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жалпы сомасы 529,2 мың теңге, «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ жалпы сомасы 694,8 мың теңге, «Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ жалпы сомасы 16573,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі» ММ жалпы сомасы 477,9 мың теңге.

ҚР Үкіметінің 26.02.2009 ж. № 220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету туралы» ережелерінің талаптары сақталмай, 3 мемлекеттік мекемеде белгіленген мөлшерден артық 50639,1 мың теңгеге алдын-ала төлемдер жүргізілген, оның ішінде «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жалпы сомасы 1920,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ жалпы сомасы 259,4 мың теңге, «Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жалпы сомасы 48459,7 мың теңге.

ҚР 15.05.2007ж. №251-III «Еңбек кодексі» және ҚР Үкіметінің 26.02.2009ж. №220 «Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысының талаптары бұзылып, мекеме қызметкерлеріне еңбек демалысы мерзімінің үш күнтізбелік күні ішінде төленуі тиіс демалыс ақысы мен сауықтыру жәрдемақылары мерзімінен кешіктіріліп төленген, оның ішінде «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ — 6609,2 мың теңге, «Ертегі» балабақшасында 4016,6 мың теңге, «Нұрбөбек» балабақшасында 16585,5 мың теңге, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ – 1373,0 мың теңге, «Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» — 1066,4 мың теңге.

ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 27.01.1998ж. №30 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы және ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010ж. №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу» ережесі талаптары сақталмай, бақылаумен қамтылған кезеңде негізгі қорға жататын активтердің тез тозатын мүліктер есебіне жатқызылуы, мерзімді баспасөздердің кеңсе жарақтары шотына кіріске алынуы тәрізді жалпы сомасы 947,3 мың теңгенің бұзушылықтарына «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты», «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекемелерінде жол берілген.

«Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де, оның бюджетінің құрастырылуын бақылау барысында ҚР 04.12.2008ж. №95-IV Бюджет кодексі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 22.12.2008ж. №265, ҚР Қаржы министрінің 01.04.2010ж. №141 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы бұйрықтары бұзылып, 2012 жылы 003 «Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуі тиіс жалпы сомасы 16964,1 мың теңгенің шағын орталықтарды ұстау шығындары 004 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланғаны анықталды.

«Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бақылау барысында, ҚР Үкіметінің 26.02.2009ж. №220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің» талаптары бұзылып, 003013 «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және сатып алу» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен 2011 жылы игерілмеген 68156,0 мың теңге ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негізінде ҚР Үкіметінің бюджеттiк кредиттердi қайта құрылымдау туралы шешімінсіз келесі жылға қалдырылып игерілгені анықталды. Осыған қоса, ҚР ҚМ қазынашылық департаментінің 27.01.1998ж. №30 «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулығы» бұйрығының талаптары бұзылып, республикалық бюджеттің трансферттері есебінен Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және сатып алу бағдарламасы бойынша 2012 жылдың тамызында №1, 2 қабылданған жұмыс актісінде арифметикалық қате жіберілуі салдарынан «Самға» ЖШС-не 940,5 мың теңгеге артық төленген.

«Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-ң атқарылған жұмыс көлемдерін іріктеп бақылау барысында, ҚР 16.07.2001ж. №242-II «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, СН.РК 8.02-02-2002 «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі» талаптары бұзылып, «Лаборатория энергоснабжения» ЖШС тарапынан 2012 жылдың қыркүйек- қараша айларында орындалған жұмыс көлемі 221,9 мың теңгеге артық қабылданғаны анықталды.

«Жезқазған кенті әкімінің аппараты» ММ-де Қарағанды облысының әкімінің 15.08.2011ж №31-05 «Мемлекеттік органдардарға көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» қаулысы талаптары бұзылып, 42,6 мың теңгенің жағармайы бекітілген нормативтен артық жұмсалған. Осы тәрізді, ҚР Үкіметінің 11.08.2009ж. №1210 «Автокөлікті ұстау шығындары мен жанар-жағар май шығындарының нормаларын бекіту туралы» қаулысының талаптары бұзылып, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де ВАЗ-11174-136-30 автокөлігіне белгіленген нормативтен артық 5,9 мың теңгегенің 69л. жағармайы негізсіз шығысқа шығарылған.

Іссапар шығындарын бақылау барысында жалпы сомасы 284,4 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де 63,8 мың теңгенің такси қызметтері ақысы негізсіз есепке алынып төленгені анықталды.

Кешенді бақылау қорытындысы «Нұр Отан» ХДП жергілікті филиалы өкілінің қатысуымен Сәтбаев қалалық әкімдігінің алқа мәжілісінде қаралды.

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде, бақылаумен қамтылған мемлекеттік ұйымдарда оқытылулар жүргізілді.

Н.Жөлеуов, Бақылау тобының жетекшісі.

Комментарии закрыты.