Өнерлерімен дараланды

Сүйікті қаламыздың 40 жылдығы қарсаңында оқушылардың көктемгі демалысын тиімді өткізу, өнерпаздардың орындау шеберлігін дамыту, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету мақсатында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Сарыарқа болашағы» атты ән сайысы өтті.

Байқауға жас ерекшелігі бойынша 6-9, 10-13 және 14-17 жас арасындағы үш топ қатысты. Орындаушыларға бұрын-соңды ешқандай ән сайысына қатыспаған және әннің тақырыбы қазақтың халық әндері немесе қазақ композиторларының әндерін орындау басты талап ретінде қойылды.

Қала мектептерінен сайысқа барлығы 22 оқушы қатысып, жас ерекшеліктеріне байланысты бағаланды. Кіші топ арасынан І орынды №4 мектеп-лицейінің оқушылары Диас Қадірсіз бен Гүлфайруз Досмағамбет иеленсе, ІІ орынды С. Сейфуллин атындағы гимназия оқушысы Абзал Макашев, ІІІ орынды №16 орта мектебінен Әсемай Арыстанбекова иеленді. Ортаңғы буын арасынан І орынды №16 орта мектебінен Нұрай Игілік, ІІ орынды №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Дана Мұңсызбаева, ІІІ орынды №27 орта мектебінен Ислам Қонысбек иеленсе, жоғарғы жас арасында І орынды №2 орта мектебінің оқушысы Александра Андреева, ІІ орынды №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Іңкәр Файзрахманова, ІІІ орынды №27 орта мектебінен Жансая Тұрсынова иеленді. Бас жүлдені №27 орта мектептің оқушысы, Оқушылар сарайындағы «Бұлбұлдар» үйірмесінің тәрбиеленушісі Дарын Төлеубек иеленді. Дарынның әнге деген қабілетін ашып, оны өнерге баулып жүрген ұстазы – қаланың Құрметті азаматы, жоғары санатты музыка пәнінің ұстазы Айгүл Күлшекенова.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.