Қытай көкөнісін құрт та жемейді

Киім-кешек пен ойыншық, тіпті күнделікті қолданыстағы тауарды айтпағанда, қытайдың елімізді «асқазан арқылы экспанциялауы» сонау 90-шы жылдардан басталған болатын. Одан бері көршіміздің бізге экспорттамаған азық-түлігі кемде-кем. Қытайдан тасымалданатын көптеген тамақ өнімдері өз алдына, бізге олардан жыл бойы жеткізілетін көкөніс пен жеміс-жидек те қисапсыз. Қытайдың аграрлық секторы өзінің экологиялық проблемаларына қарамай, бізді де көкөніспен «жарылқап» жатыр. Қазақстанның импорттық тауарлары тізімінде сауда серіктесі ретінде Қытай төртінші орынды иемденген. Алайда «ол өз міндетін қалай атқарып келеді» деген сауалға жауап – дүдәмал. Аз уақытта мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді тым көп мөлшерде қолдану жөнінен әлем елдерінің бірден-бірін алдына салмайды екен. Американың тағам өнімдері сапасына бақылау жасайтын басқармасы нормадан ауытқу байқалған қытай өнімдерін кері қайтарады. Ал біз болсақ «ұлы қытай індетінен» іргемізді аулақтауға асықпаймыз. Елімізде Қытайды біршама зерттеген ғалым Ф.Дәулетованың «Китай: мифы и реальность» деген кітабында қытайлықтардың иттің, мысықтың, тышқанның еттерін тамаққа пайдаланатындарын айта келіп, Гуан-Дун провинциясында бір шаруаның 2003 жылы ауру тышқанның етін жеп, а типті тұмау жұқтырғанын, сөйтіп, атақты SAPS ауруының таралғанын жазады. Құлақ естіп, көз көрмеген індет тарап жатқан Қытай халқының бақа-шаян, құрт-құмырсқаны қорек ететіндіктері жұртқа аян. Халқының денсаулығы мен болашағына алаңдайтын көптеген мемлекеттің қытай экспортына сақтықпен қарайды. Отандық өнімдерді ысырып тастап, есіктен кіре төрге озған қытайлық «кірме» дүниеге атүсті қарамаған абзал. 1997жылдың 27 қарашасында қабылданған «Азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі» жөніндегі заңда азықтың құрамы, құнарлығы, тұтыну мерзімі мен сақтау жағдайы қатаң бақылауға алыну керектігі айтылған. Ал бүгінгі күні сол бақылаудың нәтижесі тым нашар. Олай дейтініміз, Қытайдан емін-еркін ағылып жатқан көкөністер құрамындағы химиялық элементтердің шамадан артықтығы. Химиялық тыңайтқыштардың шектен тыс қолданылуы көкөністерде азотты аминнің түзілуіне әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде рак ауруларына шалдықтырады. Қарапайым тұтытушының көзі базардағы жемістерден біраз айырмашылықты аңғарады. Алманы алыңыз. Ешбір міні мен ақауы жоқ, бір шебердің қолынан шыққан бұйымға ұқсаған көркем алма, сөз жоқ, қытайдан келген болып шығады. Оны сатып тұрғандардың өздері де «бұл алманы құрт та жемейді» деп қалжыңдайды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын сақтау жолында қабылданған №361-ІІ заңы бар. Қауіпті жұқпалы аурулардың елімізге енбеуі үшін ұйымдастырған санитарлық бақылау карантиндері де жұмыс істеп жатыр. Сөйте тұра Қытайдан келетін құс тұмауы, энтровирус, атипті вирустардың тосқауылы берік болмай тұр. Соған қарағанда, ешбір заңмен белгіленбеген «сақтағанды Құдай сақтайды» деген қарапайым қағида бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Комментарии закрыты.