Қасиетті күні мешітте болды

Өткен жұмада қала әкімі Асқар Ыдырысов қаламыздағы Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешітте болып, оның тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Қала басшысын бас имам Бақдәулет қажы Абдрахманов қарсы алып, мешіттің қысқаша тарихы мен атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде мағлұмат берді. Кездесу барысында бас имам мешітте өткізілетін сауат ашу сабақтары, жан-дүниесін байытам деген мұсылман жамағатына жасалған игі істер жайлы, сонымен қатар, қала көлеміндегі діни ахуал туралы айтып берді.

Қастерлі орынның тыныс-тіршілігімен таныстырған соң, бас имам ата-бабалардың рухына құран бағыштап, ел ынтымағы мен бірлігін тілеп дұға етті. Одан әрі қасиетті жұма күні мешітке келген қала әкіміне Бақдәулет қажы Абдрахманов алғысын айтып, естелікке Балмағамбет Балқыбайұлының ІІ томдық кітабын сыйлады.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.