Өзекті мәселелер талқыланды

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Қарағанды машинажасау консорциумы мен «КазБелАЗ» БК» ЖШС жұмыс сапарымен барды.

Машинажасау консорциумы 2010 жылы Қарағанды облысы экономикасының базалық салаларын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. Оның құрамына 32 кәсіпорын, 3 институт және «UniScienTech» технопаркі кіреді.

106 мың шаршы метр жерді алып жатқан жабық өндірістік алаңдарда 1500-ден аса адам еңбек етеді. Негізгі бағыттары — тау-кен жабдықтары мен коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникаларының тіркеме құралдарының өндірісі.

Аймақ басшысы прототиптеу цехы мен токарлық-фрезерлік орталықтың жұмысымен танысты.

Құрал-жабдықтарды қарап шыққан соң облыс басшысына «ПромИнструментСервис», «Каргормаш», «КМЗ имени Пархоменко» және басқа да консорциум кәсіпорындарының өндірген өнімдері көрсетілді.

Белорусь Республикасымен ынтымақтастық аясында Қарағанды облысынан Индустриаландыру картасына енгізілген «КазБелАЗ» БК» ЖШС бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Комментарии закрыты.