Қоғамдық қабылдау нәтижесі

Қазір Елбасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған қоғамдық қабылдау ауқымды жұмыстар атқаруда. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген қағиданы ұсынған партияның бақылау комиссиясының мүшелері өздеріне арыз-шағыммен келгендерді жылы шыраймен қарсы алып, моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіп отырады. Олардың әрқайсысының талап-тілектерін ықыласпен тыңдап, байыппен жауап беріп, мүмкіндігінше көмектерін жасап келеді. Кезекті бір қабылдау маусым айында туған үшемнің анасы Г.Байбосынова телефон шалып, өзінің үш бірдей нәрестені күтіп-бағуға үлгермейтінін, мүмкіндік болса әлеуметтік қызметкерлер бөлуін өтінді. Осы өтінішпен қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.Қапароваға шыққан едік. – Г.Байбосынованың көмек сұрауы, әрине, дұрыс қой. Өзіміздің де ойымыз да жүр еді. Қазір сылап-сипай (массаж) курсында оқып жатқан медбикелер бар. Тамыздың 20-нда бітіреді, содан бір адамды бөлеміз. Анасына көмектесіп, кішкентайлар көтеріліп кеткенше сонда болады, – деді Т.Қапарова. Міне, бұл да болса бірлесіп істеген жұмыстың нәтиже бергендігінің дәлелі. «Нұр Отаннан» көмек сұраған зейнеткер, бүгінде төсек тартып жатқан Р.Тәжіппаева, дәрі-дәрмек, гигиеналық заттар алуға қаражат сұрапты. – Мүгедектерді сауықтандыру бағдарламасына сәйкес гигиеналық заттарды бюджет есебінен алып беруге болады. Бірақ, Р.Тәжіппаеват мүгедектік алмаған себепті, заңдастыру қажет. Әзірге «Шапағат» қорынна 10 000 теңге береміз, – деген жауап алдық бұл өтінішке. Осындай әр түрлі мазмұндағы арыз-шағымдармен келіп жатқандардың ой-пікірімен санаса отырып, жауапкершілікпен қараса мәселенің түйіні шешілері сөзсіз. «Нұр Отан» партиясы халықтың болғандықтан, халықтың мұң-мұқтажына әрқашанда құлақ асады деп сенеміз. Майра Смағұл.

Комментарии закрыты.