Жаңа кешен бой көтермек

«ЕХРО-2017» халықаралық көрме аясында елордада «Жасыл ықшам-ауданы» құрылмақ.

Астаналықтардың біраз бөлігі 2015 жылдан бастап «Жасыл ықшамауданда» тұра бастайды.

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінің шеңберінде бас қалада жаңа кешен пайда болмақ. 100 гектар аумақты қамтитын кешеннің ерекшелігі сол – онда барлығы да жасыл технологияның негізінде жасалады. Яғни, келешек жасыл орамның тұрғындары қуат көзін жел мен күннің есебінен тұтынады. Ол үшін Астанақаласынан жер телімі де бөлінген. Келешек жасыл аймақтың жобасына байқау жарияланған.

Жоба жеңімпазы жақында белгілі болады.

Комментарии закрыты.