«Бір халық — бір ел — бір тағдыр»

24 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан — 2050» cтратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді.

Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.

Комментарии закрыты.