БАҚ саласындағы ережелер бекітілді

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы өкімге қол қойды.

Тиісті құжат ресми баспасөзде жарияланды.

«Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жариялап-көрсетудің сапасын арттыру және журналистердің кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында: Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидалары бекітілсін», делінген құжат мәтінінде.

Комментарии закрыты.