Бағамен алысқан жәрмеңке

Ауылшаруашылық жәрмеңкесінің жыл бойы үзілмей келе жатқанына қуанамыз, әрине. Десек те, анда-санда бір барғанда көзіміз шалып қалған кемшіліктерді жазбай тұра алмаймыз. Сондай бір келеңсіз жағдайлар алдыңғы бір өткен сенбіде орын алды.

Ауылшаруашылық және ветеринария бөлімі бастығы бастаған мамандар белгіленген бағамен саттырамыз деп қанша алысқанымен нәтижесі аз болды. Мамандар іліп кеткен бағаны алып тастап, өздерінің ойындағысымен сатып жатқандар аз болмады. Мысалы, 70 теңгенің сәбізі мен қырыққабатын 80 теңгеден, ірімшікті 500-ден қойып, 600-ден сатқанын көзіміз көрді. Бұл сияқты мысалдарды көп келтіруге болады. Сиырдың етін бір нүктеде 1150 теңгеден сатты. «Акимат белгілеген бағамен неге сатпайсыз» деген сөзімізге, «ондай бағамен ана жаман еттерді алыңыз» деп жауап берді.

Тағы бір байқағаным, бақылау таразысы да, жалпыға арналған баға жазылған тақта да болған жоқ.

Бақылау босаңсып кеткені бе, әлде сатушылар бетімен кеткен бе?

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.