Бүгін – ғарышкерлер күні

12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Старт алаңы Жезқазған маңындағы Байқоңыр елді-мекенінде орналасқан. Бүгінде шағын шаһар шын мәнісінде халықаралық ғарыш астанасына айналған. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев ғарыш әлемін бағындырды.

Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағатында ғарышкерлерге арналған сурет қоры жинақталған. Олардың ішінде 1974 жылы Никольский қаласына келген КСРО ғарышкерлері П.Р.Артюхин, Ю.П.Попович, белгісіз жылдары А.А.Леоновтің, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтың, тағы басқа космонавтардың аймағымызға келгендегі суреттері бар. 1974 жылы П.Р.Артюхин мен Ю.П.Попович Жезқазған қаласына келіп, қала тұрғындарымен кездесіп, Жезқазған қонақүйіне тұрақтанған. Ғарышкерлерге «Жезқазған қаласының Құрметті азаматы» деген атақ берілген.

Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты.

Комментарии закрыты.