Тұрғындарға тарту

Бүкіләлемдік денсаулық күні қарсаңында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жедел жәрдем қызметіне мамандандырылған автомобиль кілттерін табыс етті.

Қуанышты оқиғаға орай жиналған жұртшылықты құттықтаған облыс әкімі Бауыржан Әбдішев былай деді:

– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, жергілікті билік органдары денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайта түсу үшін барлық қажетті жұмыстарды жүргізіп келеді. Сонымен қоса өңіріміздің ірі кәсіпорындары да шет қалмай, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін терең түсініп, осынау ортақ іске белсенді атсалысуда.

Сатып алуына 73 миллионға жуық теңге бөлген автокөліктер Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларының жедел жәрдем көрсету станцияларына жөнелтіледі. Жедел жәрдем көліктері Қарағанды облысы әкімдігі мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС арасында 2012 жылға жасасқан әлеуметтік ынтымақтастық жөніндегі кешенді жоспарының аясында сатып алынып отыр.

– «Қазақмыс» корпорациясының жасаған сыйлығының арқасында жедел жәрдем қызметінің сапасы артып, дәрігер көмегіне зәру жандарға дер кезінде медициналық көмек көрсету жайы жақсара түседі деген сенімдемін, – деді сөз соңында Бауыржан Әбдішев.

Интернет материалдары негізінде дайындалды.

Комментарии закрыты.