Басты байлық – денсаулық

Сейсенбі күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Берік Әбдіғалиұлы Сәтбаев қаласында жұмыс сапарымен болды.

Облыс әкімі орынбасарының жанында қала әкімі Асқар Ыдырысов пен әкім орынбасары Марал Мәдиева жүрді. Жұмыс сапары барысында Берік Әбдіғалиұлы қаламыздағы бірқатар денсаулық сақтау мекемелерін аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

№1 орталық аурухананың басшысы Жомарт Аханов келген қонақтарға атқарылып жатқан жұмыстар жайлы, аурухананың материалдық-техникалық базасымен және кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі туралы айтып берді. Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары «Қазақмыс» корпорациясына қарасты медициналық-санитарлық бөлім мен қалалық емханада болып, мекемелердің жұмысымен танысты.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.