Сауаттылық – адасудан сақтайды

Ислам дінінің асыл құндылықтарын таза күйінде жеткізу күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Осы түйіткілді мәселені насихаттап, ненің ақ, ненің қара екенін жастарға түсіндіру мақсатында құрылған насихаттық-ақпараттық топ №15 орта мектепте кездесу өткізді.

Қоғамның дертіне айналып тұрған бұл мәселені талқылауға қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қаланың Құрметті азаматтары Мұса Тілеуов пен Өмірбек Сартов қатысып, жастарды имандылықтан, тура жолдан айнымауға шақырды.

– Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінінің бұрмалануына жат ағымдардың ықпалы зор болып тұр. Келешек елдің азаматтары болар бүгінгі жастар асыл діннен нақты жауап аламыз десеңіздер мешіттің жанынан құрылған медресеге келіп, курстардан дәріс алуға шақырамыз. Қоғамдық жерде уағыз айтып, үгіт жүргізгендерге жүгінудің қажеті жоқ, – деді бас имам.

Кездесу барысында Бақдәулет қажы жастар тарапынан жазбаша және ауызша түскен сұрақтарға жауап берді.

Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.