Болашаққа үлкен сеніммен

Әлемдік дағдарыс туралы аз айтылмады. Көптеген елдер оның ауыр салдарына душар болды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық етек жайғаны қалыпты жағдайдай болып кетті. Бақытымызға орай, біздің мемлекетіміз қабылдап жатқан шаралардың арқасында біз айтарлық қиындықтарды сезініп отырған жоқпыз. Дағдарысты жеңуде еліміздің Ұлттық қоры орасан роль атқарды. Экономика қалыпқа түсіп келеді, екінші жартыжылдықта өсе беретіні күмәнсіз. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен қаржы дағдарысынан өтуге қолдағы бар мүмкіндіктер толық пайдаланды. Банк жүйесіне қосымша 480 миллирад теңге берілді. Мемлекет жетекші банктерді уақытша өзінің иелігіне алды. Одан қалды үлескерлерге жәрдем көрсетті. Өзге елдерде құрылыс тоқтап қалғанмен, Қазақстанда тұрғын үй құрылысы әрі қарай даму үстінде. Тіпті ауыл шаруашылығы да нығая түсті. Шаруа қожалықтары иелеріне несие беру қолдау көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Экономиканың маңызды мәселелерін шешу үшін мемлекет қосымша 10 миллиард теңге бөлді. Ең бастысы – аталмыш қаржы өз тиімділігін көрсетуде. Құрылыс қарқыны еліміз бойынша өсті, шағын және орта бизнес біртіндеп жанданып жатыр, әлеуметтік қолдау күшейе түсті. Барлық күш халықты дағдарыс кезінде қолдауға бағытталды. Бұл тұрғыда мемлекет басшысының бастамасымен өмірге келген «Жол картасы» бағдарламасы ерекше көзге түсіп, халық көңілінен шығуда. Ааталмыш бағдарлама аясында жұмыссыздар еңбекпен қамтылып, табыс табу мүмкіндігіне ие болып отыр. Көңіл бөлінбей, ұзақ жыл жөндеу көрмеген әлеуметтік нысандар ағымдағы және күрделі жөндеуден өтуде. Жолдар жөнделіп, тұрғын-үй саласы қалыпқа келуде. Бір сөзбен айтқанда, өзгелер дағдарыс салдарынан еңселерін түсіріп жатқанда, біз қаржы дағдарысынан туындаған мәселелерді оңтайлы шешудеміз. Мұның бәрі Елбасының сындарлы саясатының жемісі екенін ұмытпағанымыз жөн. Президент кез-келген дағдарыс келеді де кетеді, ал одан абыроймен шығу, шыңдалып, тәжірибе жинау үлкен жауапкершілік деген болатын. дағдарыстан қысылмай шығатынымызға сенімдіміз. Ә.Сәденова, қалалық мәслихат депутаты.

Комментарии закрыты.