Әкімге айтарыңыз болса

Екі жылдың жүзі болды қалалық моншаның сиқы қашты. Осыған дейін қала халқына қызмет етіп келген моншаның әйел адамдарға арналған жуыну бөлмесі жұмысын тоқтатты. Содан бері ер адамдар жуынатын бөлмеге әйелдер кезекпен түсіп жүр.

Бейсенбі, сенбі күндері моншаға бара қалсаңыз, буға түсуге жағдай жоқ. Адамның көптігі сонша, ішіне сыймайды. Санитарлық жағдайы да сын көтермейді. Шашылған жапырақ, қағаздан аяқ алып жүргісіз.

Осы жағдайды түзетуге сіз ықпал ете аласыз ба, кімге айтамыз?

С.А.Бодықов, тыл ардагері, Құсайынов көшесі, 26-1.

 

Сәтбаев қаласы бойынша МСЭҚ басқармасы 2013 жылдың наурыз айының 15-і күні кезектен тыс тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында моншаның тек ерлер жуынатын бөлімі жұмыс атқарып жатқанын және де шешінетін, жуынатын, буланатын бөлмелердің тазалығы сақталған, мезгілімен тазарту жүргізілгендігі анықталды. Моншаның тендрге түсіп, коммерциялық сатылуына және жақын арада сатып алатыны жөнінде хабарлаймыз.

Қала әкімінің орынбасары М.Нұрланов.

Комментарии закрыты.