Жас ғалымдар байқауы

Қарағандылық оқушылар Әзірбайжан елінде биология пәнінен өткен ХІІ Халықаралық байқаудан олжалы оралды. 200-ге жуық жобаның ішінде Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты оқушыларының еңбектері қола жүлдені еншіледі.

Бұл жолы білімдерімен «мыңды жыққан» 11-сынып оқушылары — Талғат Маратов пен Жан Сейдіғали. Қос озат оқушы байқауға «Қазақстандағы сиреп бара жатқан жануарлардың эко жүйедегі маңызы», деп аталатын жобаларын ағылшын тілінде қорғаған.

Жас ғалымдардың бұл мәселеге ден қоюуына соңғы кезде терісі мен бағасы құнды аңдардың көптеп жойылуы түрткі болған. Мәселен, 1994 жылы 1 миллион киіктің 2002 жылы тек 20 мыңы ғана қалған. Жас ғалымдар бұған тосқауыл болудың алғышарттарын ұсынған.

БАҚ материалдарі негізінде дайындалды.

Комментарии закрыты.