Конституция күні қарсаңында

«Ар-намыс Кодексін» пысықтады Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында мемлекеттік қызметтің қадірін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртібін нығайту мақсатында отырыс өтті. Жиынға басқарма бастығы Б.Шәкенов төрағалық етіп, басқарма қызметкерлерін күн тәртібімен таныстырды. «Ар-намыс Кодексі – қызметтік қатынастың этикалық негізі» – атты тақырыпқа қазынашылық басқармасының бюджетті атқару және шарттарды тіркеу тобының бас қазынашысы О.Қалиева баяндама жасады. Баяндамашы мемлекеттік қызметшілердің қоғам және мемлекет алдындағы міндеттеріне тоқталып өтті. Баяндамада қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің адал да қалтқысыз қызметі, адамгершілігі, моральдық этикасы, мемлекеттік қызмет атқарудағы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігі, міндеттері туралы айтылды. Сонымен қатар баяндамашы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінде белгіленген стандарттарға: Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін қорғауға, Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндеттілігі, ҚР Конституциясын бұлжытпай сақтап және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып заңдылықтарды басшылыққа алуға сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және тағы басқа қағидаттарды орындауға міндеттілігіне кеңінен тоқталды. Баяндама соңында шығып сөйлеген басқарма қызметкерлері С.Жүнісова, З.Босқымбаева мемлекеттік қызметшілердің этикасы бойынша қызметкердің мінез-құлқының орнықты болуы, жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында қызмет этикасы нормаларын сақтауы, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануы туралы, жалпы ар-намыс, адамгершілік туралы ойларын ортаға салды. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өткізілген мұндай отырыстар мемлекеттік мерекенің маңыздылығын арттырып, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтпек. М.Смағұл.

Комментарии закрыты.