«Болашақ энергиясы» үнемдеуге үндейді

«Бүгінгі таңда бүкіл әлем жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне елеулі назар аударып отыр. Елордада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесінің басты тақырыбы жаһанды алаңдатқан осы мәселенің тамырын дөп басады. Бұл тақырып күн, жел энергиясы, теңіз, мұхит және термалды сулардың энергетикалық ресурстары сияқты балама энергия көздерін енгізу мен энергия үнемдеу проблемасын кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ЕХРО-2017 қалашығының аумағы баламалы энергия көздері есебінен қамтамсыз етіледі деп жоспарланып отыр.

«Болашақ энергиясы» тақырыбы Қазақстанның экономика-энергетикалық даму стратегиясына сәйкес келіп отыр. Халықаралық көрмеде осы саладағы түрлі елдердің жетістіктерін көрсету үшін болашақ энергиясы деректерінің халықаралық базасын құруды ұсынып отыр.

Бүгінгі күні еліміз жобалардың ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні тұрғысынан бірқатар қызықты жаңалықтарды көрсетуге дайын және еліміздің кейбір аумақтарында халық шаруашылығының жеке салалары баламалы энергияны пайдалануға дайын және баламалы энергия көздерін өз нысандарында белсенді қолданып отыр.

Интернет материалдары негізінде дайындалды

Комментарии закрыты.