Табиғатты аялау ауладан басталады

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді санамызда жаттап өскен ұстаздар қауымы бүгінгі күні экология мәселесі өткір тұрған қоғамда келешек жастарға табиғатты аялау, өздерінің білім алып отырған мектептерінің айналасына тал отырғызу, оны күтіп-баптау сияқты мәселелерді әр сабақта түсіндіріп отырамыз. Түсіндіріп қан қоймай, оны іс жүзінде іске асыруға да жағдай жасап келеміз.

Жақында №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің директоры Гүлмира Жаппасованың бастамасымен 1-ші сынып оқушылары арасында өзін қоршаған ортаға жанашырлық танытып, оларды табиғаттың қорғаушысы болсын деген игі ниетпен тал отырғызуды қолға алдық. Әр сыныптың оқушылары мен ата-аналары бұл бастамаға бірден қолдау білдіріп, қолдарынан келгенше көмек көрсетті. «Жасыл ел-2013» деген тақырыпта өткен маңызы зор іс-шараға бірінші сыныптың 157 оқушысы қатысып, мектеп ауласына 60 түп ағаш отырғызды. 1 «в» сыныбының ата-аналары 2 түп шырша ағашын тауып әкеліп, іс-шараға белсенділікпен қатысты. Ал, жалпы 5 түп шырша ағашы мектеп ауласына отырғызылды.

Осындай кішігірім іс-шаралардан басталған игі істердің экология мәселені шешуде маңызы ерекше деп білеміз және бұл бастама тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге мол тәрбие көзі.

Т.Мизамбаева, №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің бастауыш сынып жетекшісі.

Комментарии закрыты.