Бақылау бекеттерінің жұмысы жанданды

Өткен аптада «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Оған қалалық және жастар мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Жиынды ашып, жүргізген «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай сайланғандығын жеткізді. Одан әрі қатысушыларға партиялық бақылау бекеттерінің жаңа құрамы таныстырылды.

Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін құрылған бағдарламалардың жұмысын бақылау мақсатында 8 партиялық бақылау бекеттері құрылды. Олар денсаулық сақтау, «Жұмыспен қамту – 2020», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және тұрғын үй құрылысы, қаланы абаттандыру мен санитарлық тазалау, қала ішілік және аула аралық автомобиль жолдарын қалпына келтіру, азық-түліктің негізгі түрлеріне қойылған бағаның тұрақтылығын қадағалау және №25 орта мектепке жасалатын жөндеу жұмыстарын бақылау секілді бағыттарды қамтиды.

Партиялық бақылау бекеттері мүшелерінің мақсаты – аптасына бір рет өздеріне бекітілген нысандарда болып, жұмыс барысын тексеру және заң нормаларының сақталуын талап ету. Сонымен қатар, партиялық бақылау бекеттерінің басшылары өз жұмыстарында жариялылық, заңдылық, ашықтық, азаматтық белсенділік принциптерінің сақталуын басты назарда ұстауы қажет.

Жиналыс соңында әрбір партиялық бақылау бекеттерінің жетекшілеріне жақын арада орындалуды қажет ететін бірқатар тапсырмалар берілді.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.