Құрметті сәтбаевтықтар!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл – ғасырлар бойы қазақтың сайын даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырған ұлы мереке.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған» – деп атап өткендей, біздің күшіміз бен сеніміміз – халықтың бірлігі мен ынтымағында. Халықтар арасындағы татулықтың арқасында тәуелсіздігіміз нығайып, Қазақстан табысты мемлекетке айналды. Аз уақыт ішінде бой көтерген еліміздің жаңа елордасы Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны болып таңдалды. Ұлтаралық келісімді биік дәрежеге көтеруге Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясының қосқан үлесі зор.

Қазір біз Қазақстан Республикасын әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енгізу мақсатын қойып отырмыз. Сан алуан ұлттардың басын қосып, достықтың мекеніне айналған кеншілер қаласының тұрғындары да күнделікті еңбектерімен Отанымыздың қуатын арттыруда. Қаламыздағы этно-мәдени бірлестіктер бір шаңырақ астында бірлігі жараса бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғыртып, ортақ мүддемізге өз үлестерін қосуда.

Айшықты мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, әр шаңыраққа мол береке тілейміз. «Ел қуаты – бірлікте», халқымыздың игілікті істер жолындағы еңбегі табысты, аспанымыз ашық, болашағымыз кемел болсын, қымбатты жерлестер!

Мереке құтты болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.