Мейірімді балабақшаның өнерлі өрендері

Бүгінгі тәрбие мен білімді әлемдік стандарттар деңгейінде көру үшін педагогтардың сапалық құрамы барынша жақсартылып келеді, осы реттегі педагог мәртебесі мен оның тәрбие мен білім беру функциялары өзгерген жағдайда тәрбиеші — педагогтың кәсіби — педагогикалық құзіреттілігіне қойылатын талаптар да өзгереді.

Балаға мейірімді орта жасаудың қажетті шарты – балалардың өздерінің маңызды үлесі. Балалар өз көзқарастарын білдіруге және шешім қабылдау барысында пікірлерінің ескерілуіне құқы бар. Балалардың қатысуы мен олардың өз пікірін білдіру сипатына үнемі назар аудару қажет.

Балаларға мейірімді қаланың қазақстандық жобасы аясында балалар құқығын қорғау Комитеті бірнеше қалаларда тәжірибелік алаң ұйымдастыруда.

Осы бағдарламаны жүзеге асыруда Сәтбаев та балаларға мейірімді қала жобасына енгізілді.

Қаладағы №5 «Нұрбөбек» балабақшасы 2011 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаның бастауын қолдап, халықаралық жоба аясында «Балаға мейірімді балабақша» айдарымен жұмыс жүргізе бастады.

Жоба іс-шараларында балаға жылулық, мейірімділік сыйлауда ата-ана мен педагог ынтымақтастығын жүзеге асыратын болсақ, онда бала бойында қалыптасу керек барлық құзіреттіліктерге қол жеткізіп, тұлғаға бағдарланған білім беруде жетістіктерге жетерімізге кәміл сенімдіміз.

Балабақшада бақытты балалық шақ үшін баланың жан-жақты дамуына және дені сау дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқыту-тәрбие жүйесі қалыптастырылған.

Мекеме «Балаға мейірімді балабақша» жобасымен жұмыс атқарғалы ұжымда біршама жақсы өзгерістер мен алға деген талпыныстарға қол жеткізгендігін айта келсе, ата-аналар мен ұжым арасында қарым-қатынас рухани адамгершілік саласынан жоғарылай түскенін атап өтсек, педагогтар қауымында шығармашылықтарының жоғарылай түскендіктері байқалды.

«Балаға мейірімді балабақша» жобасы жоспарының іс-шараларының бірі – тәрбиеленушілердің арасынан дарынды, талантты балаларды ерекшелендіру. Осы мақсатта үш жылдан бері «Жез таңдай» атты вокалдық байқау ұйымдастырылып келеді. Байқауға балабақша тәрбиеленушілері арасынан 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер қатысады. Бүгінгі таңда музыка жетекшілері Елена Островская және Айнаш Қожабергенованың биылғы оқу жылында берген жұмыстарының қорытынды есебінде 41 баладан құрылған вокалдық байқау өтті. Мерекелік байқауға демеушілік-қолдаушы болған мекеме басшысы Жамалхия Жаппасова.

Байқаудың қорытындысы бойынша ІІІ орынды иеленген Дробахина Даяна және Цунников Даниэль. Ал, ІІ орынды Сағат Дилара мен Кенжемұрат Балым өзара бөліссе, І орынға Шадрина Александра мен Серік Шалқар ие болды. Бас жүлдені ең жас тәрбиеленуші Өміртай Айым жеңіп алды.

Ата-аналар тарапынан балабақша қызметкерлеріне деген алғыс пен тілектер шексіз болды.

№5 «Нұрбөбек» балабақшасы өзінің «Балаға мейірімді балабақша» жобасы аясындағы шығармашылық ізденістері мен тиімді жұмысын жалғастыруда.

Г.Сейтжапбарова, «Нұрбөбек» балабақшасының эксперименттік әдіскері.

Комментарии закрыты.