Қазақтың қаһарман Қасымы

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туған күніне орай Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапханада «Қан майдан қаһарманы» атты ерлік сағаты өтті.

Шырайлы Шығыстың Ұлан ауданында туып-өскен осынау қарапайым бала ел басына күн туған шақта нағыз батырға лайық ерліктер жасап, халқымыздың маңдайына біткен, ғасырда бір туатын санаулы асылдардың біріне айналды.

Ер есімі – ел есінде. Кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер азаматтар ешқашан естен шықпайды. Бұл отырыста мектеп оқушылары батырдың өмірбаяны, шығармашылығы, марапаттары туралы кеңінен танысты. Кітапхананың тұрақты оқырмандары №19 мектептен Нұрсапа Назым, Аханова Шырайлым, №3 мектептен Ескермесов Олжас, №16 мектеп оқушысы Сұлтанғалиева Перизат, Абдрахманова Шолпан батыр туралы жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқып жеткізді.

Ерлік сағатының соңында іс-шараға белсене атсалысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Г.Мусинова, өлкетану бөлімінің кітапханашысы.

Комментарии закрыты.