Жеңісті жақындатқан

Жезді кентінде 1921 жылы дүниеге келген Манап Тұрлыбеков 1942 жылы майдан даласына аттанып, Жеңісті жақындатуға үлес қосады.

Ол 164 атқыштар полкінде жаумен шайқасып, сержант атағын иеленеді. Белоруссияны жаудан азат етіп, Минскіде 7 күн қоршауда қалады. Жеңістің ұранын Канус қаласындағы госпитальде жатып естиді. Елге 1946 жылы оралған ол соғыстан кейін жылумен жабдықтау саласында 30 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.

Соғыстағы ерлігі үшін І дәрежелі Ұлы Отан соғысы және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен қатар, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.Жуковтың» медальдарымен марапатталады. Ал, соғыстан кейінгі жылдардағы еңбектері үшін «Еңбек ардагері» медалін омырауына тағады.

Тоқсанның төріне шыққан қарт майдангер бүгінгі бейбіт өмірді көргеніне тәубе дей отырып, Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесімен майдандас достары мен қала халқын құттықтайды.

Дайындаған Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.