Құрметті ардагерлер!

Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек сол соғыста Жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.

Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.

Ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін, құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз!

Құрметпен, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Дәрібаев.

Комментарии закрыты.