Тыл ардагеріне құрмет

ЖЕҢІС КҮНІ қарсаңында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы және тұрақты оқырмандары тыл ардагері Еркінбаева Әнетай апаймен кездесті.

Бұл іс-шараның мақсаты – Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды сүюге, майдангерлердің ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету.

Кездесу басында ардагерді кітапхана басшысы Гүлнар Кожахметова құттықтады. Оқырмандар – №7 мектептің 6 «А» сынып оқушылары – Жеңіс күніне орай дайындап келген өлеңдерін айтып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. №3 мектептің 7 «А» сынып оқушысы Кенбилова Аққу «Еркесылқым» күйін орындады. Жеті баладан бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған ана, тыл ардагері келген балаларға өзінің басынан кешкен оқиғаларын әңгімелеп, ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Жүздесу соңында кітапхана атынан ардагерге сыйлық табыс етілді.

Ф.Дузбаева. кітапханашы.

Комментарии закрыты.