«Көбелек» жеңімпаздары

Қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған «Көбелек» би фестивалі қаламыздың 40 жылдығына арналды. Бұл күні Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының ішін бүлдіршіндердің күлкісі кернеп, бейне бір көбелектер ұшып жүргендей әсерге бөледі.

Балалар байқауына қаланың балабақшалары мен шағын орталықтарынан 16 топ қатысып, шығармашылық шеберліктері мен өнерлерін ортаға салды. Қай топтың болмасын фестивальға қатысуына тәрбиешілермен қатар, ата-аналары да белсене атсалысты.

Бүлдіршіндердің өнерлерін саралай келе І және ІІ орындар №5 «Нұрбөбек» пен №29 балабақшалар топтарына тиесілі болды. Ал, «Лезгинка» биімен, киім үлгісімен ерекше көзге түскен №36 «Ақбота» балабақшасының бишілері ІІІ орынға шығып, дипломға және бағалы сыйлыққа ие болды.

«Ақбота» бүлдіршіндерін дайындауда ән-күй жетекшісі Әлия Бекешованың еңбегі зор екенін атап өткен жөн.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.