«Жаңа есімдер» жүлдегерлері

Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, көркемдік талғамын дамытып, жаңаша шығармашылық қабілетін ашып, кеңінен таныту мақсатында Қарағанды облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен сәуірдің 26-да балалар шығармашылығының «Жаңа есімдер» атты ІV облыстық конкурсы өткізілді.

Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өткен байқауға облысымыздың Саран, Теміртау, Жезқазған, Абай, Сәтбаев қалалары мен аудандарынан өнерпаздар қатысты. Конкурс төрт жанрдан құралды. Атап айтсақ, би ұжымдары мен әншілер байқауы, көркемсөз оқу және фото-көрме. «Менің туған өлкем» атты сурет көрмесіне өзінің туған өлкесінің табиғатын, еңбек адамдарын, білімін, өнерін және спорттық өмірін бейнелейтін жұмыстар алдын ала жіберілген болатын. Байқаудың алдында көрменің қорытындысы шығарылып, Сәтбаев қаласынан қатысқан №7 мектептің 9 сынып оқушысы Сұлтанғалиева Саяжан жүлделі І орынды иеленді. Жеңіс рухтандырған біздің өнерпаздар басқа да сайыстардан биіктен көрініп, жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Вокал жанры бойынша Серкебаева Салтанат І орынды, Төлеубек Дарын ІІ орынды иеленсе, «Жұлдыздар» тобы Алғыс хатпен марапатталды. Ал, көркемсөз оқу жанры бойынша Кетебаев Бейбарыс І орынды, Аукенова Қаракөз ІІ орынды, Тлемісова Аружан ІІІ орынды иеленді. Хореография жанры бойынша №15 орта мектеп жанынан құрылған «Аңсар» би ұжымы және оқушылар сарайының «Кішкентай жұлдыздар» би ұжымы да Алғыс хаттармен марапатталды.

Конкурс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.