Ерлігі – ұрпаққа үлгі

Қырғызстан Республикасының Токмак қаласында 1925 жылы дүниеге келген Құдрет Ахчабаев 1943 жылы Қызыл Әскер қатарына алынып, ІІ және ІІІ Беларусь майданында болып Белоруссияны жаудан азат етуге қатысқан.

Қ.Ахчабаев 1954 жылы Жезқазғанға қоныс аударып, геологиялық-барлау экспедициясында зейнеткерлікке шыққанша еңбек етеді.

Майдан даласындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Кеңес Одағының Маршалы Г.Жуковтың және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Кешегі өрімдей жас сарбаз бүгін ел-жұрты қадір тұтқан қарияға айналды. Қарияларымыздың елдің шетін жау басқанда көрсеткен ерлік істері бүгінгі жас буынға үлгі әрі мақтаныш.

Дайындаған Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.