Құрмет пен ізет

Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті.

— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соғыс және тыл ардагерлерінің тұрмысын жақсартуға үлкен мән беріп келеді. Мемлекетіміз ардагерлерді барынша қолдап, қамқорлық көрсетіп, барлық жағдайды жасауда. Себебі, соғыс жылдарында Отанымызды қорғаған ардагерлерімізге құрмет көрсету, ерлігін есте ұстау – біздің басты міндетіміз, бүгінгі ұрпақтың аға буын алдындағы перзенттік парызы деп есептеймін, — деп атап айтты облыс әкімі.

Биылғы жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне жалпы сомасы 250 млн. теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек көрсетілетін болады. Облыс әкімдігі мен ірі кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар есебінен әрбір соғыс ардагеріне 50 мың теңге көлемінде материалдық көмек аударылды.

Сонымен қатар, өңірдегі соғысқа қатысушылар коммуналдық төлемдерден босатылды, оларға тегін медициналық көмек алу мүмкіндігі туғызылды.

Кездесуде соғыс ардагерлері сұрапыл жылдарды еске алып, орамды ойларын ортаға салды.

Жиын соңында ардагерлерге гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

(Интернет материалдары негізінде дайындалды).

Комментарии закрыты.