Атаның өнерін тамашалады

Сан мыңдаған азаматтардың өмірін қиған Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды.

Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымыздың ерліктеріне тағзым етіп, жас жеткіншек ұрпақты отансүйгіштік, ұлттық патриоттық сезімін ояту мақсатында №4 Абай атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Жеңіс жырлары» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жеңістің 68 жылдығына арналған шараны бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Қымбат Қапышева сөз сөйлеп ашты.

Кештің құрметті қонағы болған Ұлы Отан соғысы ардагері Аманжолов Акбар ата соғыс жылдарынан әңгіме шертіп, ән айтты. Сонымен қатар, жас жеткіншектер Отан, туған жер туралы ән шырқап, ерлік, Жеңіс туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бейнебаян арқылы қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының ерліктерімен танысты. Акбар ата «Отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер.

Халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, өмірімен келген тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік биік болсын» деген тілегін білдірді.

Б.Досанова, бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.