«Біз бақытты жанұя»

Анненск кенішінің Жастар Одағы ұйымдастыруымен жылда өтетін бүлдіршіндер арасындағы сайыстар мен жарыстар, қызықты старттар дәстүрге айналған деуге де болады. Сол дәстүрмен сейсенбі күні Кеншілердің төл мерекесіне арнап қаламыздың «Қазақмыс» корпорациясысының №33 «Рябенушка» балабақшасы «Біз бақытты жанұя» атты спорттық ойындар өткізді. Жарыстың ережесі бойынша әкесі, анасы және баласы бірдей қатысу болатын. Бұл күнгі жарысқа Мыңбаевтардың әкесі де анасы да бірдей келіпті. Ал, Ерменовтер мен Әлмұхановтар отбасынан бірінің әжесі, бірінің тәтесі келіп, балалармен сайысқа қатысты. Алғашқы сайыс, ән айтудан басталды. Балаларымен қосылып ата-аналары да ән салып, қырықаяқ, жаңбырлы күні батпақты айналып өту, қапшықпен секіру сияқты жарыстарды отбасы болып сынға түсті. Сондай-ақ арасында ән салып, би билеген ересектер тобының балдырғандары өнерлерімен мерекені әрлендіре түсті. Соңғы сайыс таңертеңгі балабақшаға жиналуда папалары киіндіріп, аналары ас дайындау болды. Отбасылар өздерінің жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын көрсетіп, балабақшаға тез арада дайындалатындарын көрсетті. Ал, көрермен ретінде келген кіші топ бүлдіршіндері қызыққа бөленіп, қуанышқа кенелді. Бұл күні қазылар алқасы, Анненск Жастар Одағының төрағасы Қ.Есмағанбетов тәрбиеші апайларға, қатысушы ата-аналарға, жалпы балабақша ұжымына алғысын білдіре отырып, барлық кеншілерді мерекелерімен құттықтады. Ал, бұл күнгі сайыс бойынша папасы да мамасы да қатысқан Мыңбаевтар ең мақты, бақытты жанұя деп, жеңімпаздар мен қатысушыларды жұмсақ ойыншықтармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Г.Әжібаева.

Комментарии закрыты.