Ардагерлерге жайылған Ақ дастархан

Бірнеше жылдан бері қалалық әкімдіктің қолдауымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне және тыл ардагерлеріне көмек ретінде қайырымдылық асы беріліп келеді.

Биыл да осы дәстүрден жаңылмаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаламыздағы тыл ардагерлеріне «Гламур», «Кездесу», «Ми-ген», «Маржан», «Каспий», «Дәмді», «Асыл Мұра» және Жезқазған кентіндегі «Кристалл» мейрамханаларында дастархан жайып, көңілдерін көтерді.

Бөлімнің тізімінде тұрған 150 тыл ардагерін бір дастархан басына қосқан мерекелік шарада қариялар бірін-бірі мерекемен құттықтап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты.

Мектеп оқушылары мен қаламыздың көркемөнерпаздары ардагерлер мерекелік ән-шашуларын жеткізді. Әсем әуеннің ырғағында қарттар би билеп, көңілді тарқасты.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.