Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Құрметті тыл еңбеккерлері! Қымбатты жерлестер!

«Нұр Отан» ХДП «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы атынан

Сіздерді жарқын мерекеміз – 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Жеңіс күні – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі – осынау мерекенің жемісі.

Бүгінгі ұрпақ аға буын – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Отан үшін от кешіп, халық үшін қиын да ауыр хал кешіп, еліміздің бостандығы үшін жасаған ерліктеріңізге кейінгі ұрпақ бас иіп, тағзым етеміз.

Қадірлі ардагерлер!

Алдарыңызда тағзым ете отырып, Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, бақ-береке, балаларыңызға, немере-шөберелеріңізге баянды бақыт және жаңа ұрпақты тәрбиелеуге, ел өмірін жаңғыртуға белсенді атсалыса берулеріңізді тілейміз.

Аспанымыз әрқашан ашық болсын!

Құрметпен, Қ.С. Балмағамбетов, «Нұр Отан» ХДП «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Комментарии закрыты.