Өзекті мәселелер талқыланды

Қала әкімдігі жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрайымы, қала әкімінің орынбасары М.Мәдиеваның қатысуымен өткен отырыстың күн тәртібінде білім беру мекемелерінде жастар арасында экстремизм мен терроризмге қарсы көзқарас қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттау және тәрбие жұмысын күшейте түсу жайы талқыланды.

Қаладағы негізгі білім беретін мектептер мен колледждердің, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері және кеңес мүшелері қатысқан жиында жастарды мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шараларға тарту, мектеп Ережелеріне сай оқушы қыздардың киетін арнайы киімдерінің ұзындығы тізеден жоғары болмауын қадағалау керектігі айтылды. Түрлі дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанып жүрген оқушылар мен олардың ата-аналарының арасында жеке түсіндіру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ, кәмелетке жасы толмаған жастардың түнгі мезгілде далада және мешіттерде жүрмеуін қадағалау мақсатында рейдтер ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Жиын барысында сондай-ақ, ақпараттық-насихат тобының, әсіресе аға буынның қатысуымен болатын іс-шараларды жастар арасында жиі өткізу жайы айтылып, оны құзырлы мекемелер тарапынан жүзеге асыру тапсырылды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.