Ұрпақтар сабақтастығы

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолғабыс, көмек көрсету, барынша құрметтеу, олардың ерліктері мен еңбектерін үлгі ете отырып, тағылым алуға баулу мақсатында 2013 жылдың 30 қаңтар – 9 мамыр аралығында облыс көлемінде «Ардағым – Ардагерім» атты кең ауқымды акция өткен болатын.

Ардагерлер мен жастар арасындағы ұрпақтар сабақтастығын орнату мақсатында қаламыздағы №16 жалпы білім беретін орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Акбар Аманжоловпен кездесу сағаты өтіп, ақсақал тағылымы мол әңгімелерімен бөлісті.

Аталған акция бойынша «Жасұландықтар», 8 сынып оқушылары С.Көккөзованың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысының ардагері Шакур Ахметовтың үйіне барып, Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Жастарды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан іс-шараның аясында мектептегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Сәдуақасованың жетекшілігімен ұстаздар қауымы соғыс ардагері Т.Соколовты, тыл ардагері Г.Қабылбекованы құттықтап қайтты.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.