Жемқорлар жойылсын!

Азаматтардың жеке басының принципшілдігін көрсете алмауы сыбайлас жемқорлық жағдайларын туындатады. Осы орайда құқықтық білім мен мәдениеттің деңгейін көтеру өте маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа барғандар оның зардабы отбасының жағдайына кері әсер ететінін түсіне бермейді.

2012 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда үстіміздегі жылы салық төлеушілерінің салықтық жүктеме коэффициенті әлдеқайда өскен. Бұның өзі жемқорлық деңгейінің төмендеуінің бір айғағы болып табылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 7 бабының 2-1 тармағын жүзеге асыру бағытында ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіп бойынша сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдескен тұлғаны ынталандыру қарастырылған.

Ережеге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық немесе қылмыстың орын алу фактісі жөніндегі хабарлама беру, қылмыс жасап, іздестіруде жүрген жемқордың тұрған жері туралы мәлімет беру, қылмысты ашуға, тергеуге, анықтауға және жолын кесуге септігін тигізетін өзге де жәрдемдесулер жатады. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдескен азамат мемлекеттің қорғауында болады және құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Жемқорлық – өзін-өзі тудырушы құбылыс. Оның түп тамыры әлеуметтік өмірмен сабақтас жатыр. Жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар тұтастай қоғамның міндеті.

Л.Аликулова, Сәтбаев қаласы бойынша салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы.

Комментарии закрыты.